RU
Мысырда суды ысырап қылғандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Жаңалықтар Әлемде

Мысырда суды ысырап қылғандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Көп ұзамай Мысыр билігі суды үнемдемей шектен тыс қолданғандарды, яғни, ысырап еткендерді жауапкершілікке тартып, жазалайтын болады. Тиісті заң жобасын елдің парламенті қарайды деп жазады Islam.kz.

bsbwwe

Көрнекі фото: islam.kz

Нақтырақ айтқанда, тиісті түзетулер су ресурстары және ирригация туралы заңға енгізіледі.

Мысыр билігі мұндай шараға елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрі су ресурсын ұтымды пайдалану үшін барып отыр.

Соның ішінде, Ніл өзенінің жағалауын заңсыз құрылыстан қорғамақ. Аталмыш құжатта, сонымен қатар, жаңбыр суын сақтау да қарастырылған.

Суды үнемдемегендер, яғни, ысырап еткендер айыппұл арқалап қоймай, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ауызсу аптап ыстық пен құрғақшылық жайлаған өлкелерде ең өзекті мәселеге айналған. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel