RU
"Головкин артқа шегінген емес": Белгілі бапкер GGG-Канело реваншына пікір білдірді
Жаңалықтар Спорт

"Головкин артқа шегінген емес": Белгілі бапкер GGG-Канело реваншына пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Аукраиналық танымал бапкер Юрий Цыбенко жақында ғана болып өткен Альварес-Головкин жекпе-жегі жайлы өз ойын ашық түрде білдірді. Маман GGG-дің кездесу барысында қолданған тактикасына қатысты пікірін айтты деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бапкердің айтуынша, қазақстандық боксшы алғаш рет өзіне тән емес агрессивті тактиканы көрсетті. Бұл жолы ол шабуылдан гөрі қарсылас әрекетін күтер позицияға қарай ойыцсқан дейді маман.

"Головкин ешқашан артқа шегінген емес, алайда Канеломен жекпе-жегінде шынымен артқа қарай кетті." , - деп айтты Цыбенко.

Оның мәлімдеуінше, Геннадий қарсыласынан гөрі баяу қимылдады. Альварестің жылдамдығына ілесемін деп GGG біраз шаршап қалғандай көрінді деген ойда маман.

Бапкер бұл боксшылар арасындағы үшінші кездесудің де тартысқа толы болатынына нық сенімді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel