Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қара орамалмен билеген Алтынай Жорабаева елдің қызу талқысына түсті

Опубликовано:

Отандық танымал әншінің заманауи би билеген видеосы интернет кеңістігіне таралып, ел арасында қызу талқыға түсті. Алтынай Жорабаеваның биіне қатысты көпшіліктің ойы бір жерден шықпады. Оқырмандардың бірі әншінің биіне тәнті болса, тағы басқалары оны сынап тастады деп жазады NUR.KZ.

Желіге тарап үлгерген Алтынай Жорабаеваның видеосы көпшіліктің назарына ілігіп, қызу талқыға ұласты. Желі оқырмандары заманауи би билеген әншіге қатысты түрлі пікір айтты.

Бірі оның көңілді жүргеніне тәнті болса, енді бірі бұл әрекет бес қыздың анасына сай емес деп сөкті.

"Әрдайым көңілді жүріңізші. Сондай жарасымды"
"Адам жасына қараушы еді осы. Ұялмайсызба, бес қыздың анасы бола тұра бұлай билеуге"
"Әркім өз өмірінің қожайыны. Биде тұрған не бар? Жарасып-ақ тұр"
"Не сұмдық қара жамылып тегі. Сіз ажырастыңыз ғой, жесір емессіз" , - деп жазуда жел қолданушылары.

Отандық әншінің елді шулатқан видеосы Instagram желісіндегі kaz_stars парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1753677-kara-oramalmen-bilegen-altynaj-zorabaeva-eldi-kyzu-talkysyna-tsti/

pixel