Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Осы күнге дейін мүлде жемқор шықпаған Маңғыстаудағы ауылды білесіз бе?

Опубликовано:

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына қарасты Төлеп және Сарға ауылдарында бұған дейін сыбайлас жемқорлық деректері тіркелмеген деп хабарлайды Baq.kz

Осы күнге дейін мүлде жемқор шықпаған Маңғыстаудағы ауылды білесіз бе?
Фото: Baq.kz: UGC

Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшылары осыған көз жеткізді.

Екі ауылдың тұрғындарымен кездесу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет саласы, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі және сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері сөз болды.

Ауыл тұрғындары да қарап қалмай, өздерінің пікірін ашық білдірді.

Мәселен, Бейнеу мектеп-интернатының әлеуметтік педагогы Айжақсы Жетпісова, ауылда сыбайлас жемқорлық деректерінің бұрын болмағанын және бұған дейін облыс орталығынан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің келмегендігін айтып өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1753679-osy-knge-dejin-mlde-zemkor-sykpagan-magystaudagy-auyldy-bilesiz-be/

pixel