RU
Бокс маманы Малиновски: Головкин жеңу үшін басқа елдің атынан шығу керек еді
Жаңалықтар Спорт

Бокс маманы Малиновски: Головкин жеңу үшін басқа елдің атынан шығу керек еді

Рассказать Вконтакте

Танымал спорт шолушысы Скуп Малиновски Альварес-Голвкин жепе-жегінде әділ төрешілік болғанына сенбейтінін айтты. Маманның ойынша, бірлестік қазақстандық боксшыларға жоғары деңгейлі жұлдыз болуға әдейі мүмкіндік бермейді екен. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Бокс жөнінде бірнеше мәрте еңбек жазған маман кең қанат жайған жүйе кесірінен бірталай қазақсатндық дарынды боксшы жоғары деңгейге өте алмайды деген пікірде.

"Бәрібір де олар америкалық спортшыларға ерекше мән береді" , - деп бірлестіктің біржақты пікірін сынады ол.

Скуптың айтуынша, GGG-ге өзіне лайықты мәртебесін алуға ешбір мүмкіндік берген жоқ.

"Геннадий оларға қажетті мемлекеттің тумасы емес. Ол танымал емес елдің атынан шығады. Сол себепті ешқашан оны Канелодан жоғары қоймайды" , - деп айтты Малиновски.
Сіздің реакцияңыз
6
3
2
14
2
5
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel