RU
Алматыда Gelandewagen мініп оқ атқан кортеж иелері жұрттың ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Gelandewagen мініп оқ атқан кортеж иелері жұрттың ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Құлжа тас жолында кортеж ұйымдастырып, өзге көліктерге жол бермей, дүрілдетіпөте шыққандар желіні шулатты деп жазады NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр
Source: UGC

Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланған видеожазба халықтың ашуын келтірген.

Онда бірнеше көлік кортеж жасап, қатарға тізіле жүреді. Енді бірі болса көлігін теріс бағытта айдап барады. Видео авторының айтуынша онда тіпті, оқ атылған.

Ең сорақысы, кортеж кесірінен кептеліске тап болған жолаушылар қалай өтерін білмей, кезек күтіп тұр.

Видеоны көрген желі қолданушылары кортеж ұйымдастырушыларын сөгіп, оларға "мақтаншақтықты қойып, ақылға келіңдер" деген тілектерін айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel