RU
"Берген уәдесі қайда?": Астана банкінің салымшылары шу шығарды
Жаңалықтар Қоғам

"Берген уәдесі қайда?": Астана банкінің салымшылары шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Ұлттық банк Астана банкін лицензиясынан айырып, оған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға тыйым салған болатын. Бұл жайтқа алаңдаған банктің салымшылары қаражатына алаңдап отыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ..

"Мне по барабану проблемы Банка Астаны": вкладчики требуют свои деньги

Көрнекі фото: Atameken Business Channel
Source: UGC

19 қыркүйек Астана банкінің клиенттері үшін ауыр күн болды. Қаржы ұйымы кез келген банк операцияларын орындау лицензиясынан айырылып қалды. Сонымен бірге, мекеме кеңселері жұмыс істемей қалды.

Аталған банкте қаражатын сақтап жүрген салымшылар болса, банк бөлімшелеріне ағылды.

«Бұл банктің проблемаларына түкіргенім бар. Оларға өз ақшамды сеніп тапсырдым. Олар көп нәрсені уәде етті. Енді сол уәдесі қайда?", - дейді Тамара Миронова.

Банк клиенті өзіне тиесілі қаражатын қайтарып беруді талап етіп отыр.

Бұл жаңалық жария болған соң, Қазақстандағы барлық банкоматтар мен терминалдар жұмыс істеуін тоқтатты. Әзірге олардан ақша шешіп алу мүмкін болмай тұр.

Ұлттық банктегілер мекеменің лицензиясынан айырылу себебін түсіндірді. Айтуынша, қаржылық ұйым өзінің міндеттемелерін дұрыс орындамаған.

Қазіргі таңда депозиттердің жалпы көлемі 41 млрд теңгеге тең. Ақшаны бірнеше айдың ішінде қайтарып береді деген уәде берілді. .

Ақша бірінші кезекте салық төлеуге жіберіліп, кейіннен клиенттер алдындағы қарызын өтеу қолға алынбақ. Ал депозиттерге келер болсақ, кепілдендіру қоры теңгемен сақталған қаражатты 10 млн теңгеге дейінгі соманы өтеп береді. Сонымен бірге, доллармен сақталған қаражаттың 5 млн теңгеге дейінгі бөлігі қайтарылады.

Қазіргі таңда депозиттердің жалпы көлемі 41 млрд теңгеге тең. Ақшаны бірнеше айдың ішінде қайтарфп береді деген уәде берілді.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel