RU
Кредит жабу үшін құрсағындағы сәбиін сатпақ болған қазақ қызы жаға ұстатты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Кредит жабу үшін құрсағындағы сәбиін сатпақ болған қазақ қызы жаға ұстатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Кредитін жаба алмаған жүкті ару қарызын өтеу үшін құрсағындағы сәбиін сатуға бекінген. Бұл туралы бойжеткеннің өзі отандық бағдарлама кезінде айтты. Жүктілігіне 14 апта ғана толған қыз бұл қадамға шарасыздықтан барғалы жатқанын жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Фото: ivetta.ua

Фото: ivetta.ua
Source: UGC

Отандық бағдарламаға бетін жауып келген бойжеткен өз басына туған мәселені ел алдында жайып салды. Аяғы ауыр қыз әлі туылмаған баласын кредитін төлеу үшін сатып жібермекші.

Бұл қадамға ол шарасыз жағдайға қалғандығынан бармақшы екенін түсіндірген. Бойжеткен несиеге 500 мың теңге алып, оны төлей алмай қиналып жүргенін айтты.

Тұрмысқа шықпай жүкті болған ару жағдайын өзімен бірге тұратын ағасынан да жасырып жүр. Ер адам қарындасының жүкті екенін білмейтін болып шыққан.

Бағдарламаның үзіндісі Instagram желісіндегі kaz_stras парақшасына жүктеліп, елдің қызу талқысына түсті. Кредитті төлеу үшін баласын сатпақ болған қыз көпшіліктің қаһарына ұшырады.

Оқырмандар өзінің азулы жағымсыз пікірлерін жарыса жаудыруда.

"Заман қайда барады? Баланы сату ғана қалды ғой бізге"
"Енді жетіспей тұрғаны осы еді.Әлә туылмаған баланы сатуға қалай ғана дәті барады?"
"Бетіңді жаппай келуің керек еді. Ұялмайсың ба, тұрмысқа шықпай жүкті болғаныңа да көз жұмдық. Ең болмаса, үлгілі ана болсаң нетті? Сәбиіңді саудаламақсың" , - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel