RU
Ақтауда полицейге ескерту жасаған жүргізуші жауапқа тартылуы мүмкін (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда полицейге ескерту жасаған жүргізуші жауапқа тартылуы мүмкін (видео)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті қызметкерлері желідегі жол полициясына ескерту жасалған видеожазбаны тексерген деп хабарлайды Лада.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видеода қоғамдық көлік аялдамасында тоқтап тұрған полицей көлігін жолаушы азамат көріп, оған ескерту жасаған.

Ведомство берген мәліметтерге сүйенсек, бұл видеода полиция қызметкері ережені бұзғандардың жолын кесу үшін тоқтағандықтан, оның әрекеті дұрыс саналады.

"Hundai Accent көлігінің жүргізушісі көлік құралын жүргізіп келе жатып телефон қолданған, ал Daewoo Nexia жүргізушісі жарық құралдары мен дыбыстық құрылғыларды қолданған" , - дейді ІІД.

Сондай-ақ, ескерту жасаған жүргізушінің өзі де сол сәтте жасаған екі құқық бұзушылық фактісі үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Оған салынатын айыппұл 36 мың теңгеден асады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel