RU
Ақтөбеде лифтіде қаза тапқан журналистің өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде лифтіде қаза тапқан журналистің өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде лифтіге қысылып жан тапсырған Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сот алдында кооператив директоры мен жантүршігерлік оқиғадан төрт-ақ күн бұрын сол лифтіні жөндеген механик жауап беруде. Алайда екі айыпталушы да өздеріне тағылған айыппен келіспейді деп хабарлайды 31 арна.

Фото: novini274.com

Фото: novini274.com
Source: UGC

28 жасқа енді ғана толған Айзат Әбдісаматтың Ақтөбедегі көп қабатты үйдің лифтісіне қыстырылып, үш жастағы қызының көз алдында жан тапсырғана бес ай толды. Қаралы оқиғаға «Жаңабек Сервис» директоры мен механик кінәлі деп танылған болатын.

Алайда екеуі де сотта өздеріне тағылған айыппен келіспей, бастарын алып қашып отыр. Бірі техникадан хабарым жоқ десе, ақауы шыққан лифтіні алты мың теңгеге оңдап беруге келіскен жалдамалы механик сүттен ақ, судан тазамын деп отыр.

"Мен айтып отырмын ғой, менен көмек сұрады, мен тросын ауыстырып бердім. Болды. Оларда өздерінде жауапты механик болу керек. Сол жауап беру керек" , - деп айтты механик Жарылқасын Ақжанов.

Айзат Әбдісаматтың анасы қызының қазасынан кейін келіп кешірім сұрамаған кінәлілер жазасын алуын талап етуде.. Сөзінше жауаптылардың салғырттығынан олар қызынан, ал кішкентай сәби анасынан айырылып отыр.

"Ешқайсысы да мойындарына алғысы келмейді. Әркім өз жауапкершілігімен жұмыс жасаса, екі әулет мұндай қайғыға душар болмас еді. Айзат қайда кетті, Айзатты танисыңдар ма деген сұрақтар қояды. Суретін көріп мынау менің Айзатым, принцессам дейді. Бірақ менің мамам қайда, мама деген сөзді айтпайды ол бала" , - деп айтты Айша Төлемісова.

Айта кету керек Айзаттың өліміне себепші болған лифт бес айдан бері сол істемеген күйі әлі тұр. Оған мүлде жөндеу жүргізілмеген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel