RU
Алматыда бір миллион долларға қандай үй сатып алуға болады? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда бір миллион долларға қандай үй сатып алуға болады? (фото)

Рассказать Вконтакте

Мамандар Алматыда құны 1 миллион доллар тұратын үйлердің қандай екенін анықтап көрді. Айтуларынша 350-400 миллион теңгеге зәулім үйлер мен қымбат пәтерлер сатып алуға болады екен деп хабарлайды Krisha.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Басылымның мәліметінше, олар хабарландыруға берген үйлердің бағасын сараптап көріпті.

Мысалы, 8 бөлмелі, құны 550 шаршы метр болатын үйді ауқаттылар 400 миллион теңгеге бағалапты. Баспана "Көктөбе" ықшамауданында орналасқан. Коттедж екі қабатты, кірпіштен салынған екен. Оның бірінші қабатында қонақ бөлмесі, асхана, ойын бөлмесі, әжетхана мен жуанытан бөлме бар екен. Ал екінші қабатта үш жатын бөлме мен 2 гардероб бөлмесі, 3 жуынатын бөлме бар көрінеді.

Фото: krisha.kz

Фото: krisha.kz
Source: UGC

Ал, "Горный гигант" ауданында орналасқан үйде 10 бөлме бар екен. Ол осыдан 7 жыл бұрын салынған. Бағасы - 385 миллион теңгені құрайды. Ал жалпы аумағы 630 шаршы метр. Онда 5 жатын бөлме, қонақ бөлмесі, 2 асхана, спортзал және т.б. бөлмелер бар.

Фото: krisha.kz

Фото: krisha.kz
Source: UGC

Фото: krisha.kz

Фото: krisha.kz
Source: UGC

Ал, Шаляпина көшесінің жоғарғы жағында орналасқан Наурызбай ауданында 9 бөлмеден тұратын 3 қабатты зәулім үй сатылымға шығарылыпты. Оның бағасы - 351 миллион теңге.

Аумағы – 611 шаршы метр. Мұнда да қонақ бөлме, асхана, камин аумағы, 4 жатын бөлме, гардероб, жұмыс кабинеті бар. Сондай-ақ, үй аумағында монша мен сауна, гараж және өзге де нысандар бар.

Фото: krisha.kz

Фото: krisha.kz
Source: UGC

Фото: krisha.kz

Фото: krisha.kz
Source: UGC

Бағасы 400 миллион теңге тұратын келесі пәтер – "Арман Вилла" тұрғын-үй кешеніне тиесілі. Оның жалпы аумағы – 220 шаршы метрді құрайды. Пәтерге қымбат ремонт жасалған, сантехника судай жаңа.

Фото: krisha.kz

Фото: krisha.kz
Source: UGC

Сол сияқты "Самал-3" ықшамауданындағы "Новый мир" коттедж қалашығында 6 бөлмесі бар таунхаус сатып алуға болады. Оның бағасы – 300 шаршы метр.

Фото: krisha.kz

Фото: krisha.kz
Source: UGC

Бағасы 350 миллион теңге тұратын келесі пәтер – 4 бөлмелі пәтер болып табылады. Ол "Esentai" тұрғын-үй кешенінің 6-қабатында орналасқан. Аумағы – 205 шаршы метр.

Алматыда құны 1 миллион доллар тұратын бағаға қандай үй сатып алуға болады?

Фото: krisha.kz
Source: UGC

Жалпы Алматыда аталмыш сомаға 30 нысан сатылымға шыққан. Олардың дені қаланың жоғарғы жағында орналасқан.

Айта кетейік, тамыз айында Алмаьыда құны 4 миллирд теңге тұратын VIP-резиденция сатылады деген ақпарат шыққан еді.

Риэлторлар «Қалқаман» ауданында орналасқан аталған үй тым қымбатқа бағаланып отырғанын айтқан-ды. Әзірге коттеждің сатылған-сатылмағаны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel