RU
"Ассам" шайының ішінен шыққан ақ түйіршіктер жұртты шошытты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Ассам" шайының ішінен шыққан ақ түйіршіктер жұртты шошытты (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желі қолданушысы "Ассам" шайының ішінен шыққан ақ түйіршіктерді видеоға түсіріп алған. Нұрлан Әуезханұлы шай құрамын тексерген сәтін видеоға түсіріп, Facebook парақшасына салып қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:Irecommend, продуктофф.рф. Коллаж: NUR.KZ

Фото:Irecommend, продуктофф.рф. Коллаж: NUR.KZ

Видеодағы азамат шай қалташаларындағы ұсақ ақ түйіршіктерден қауіптеніп отырғанын жасырмаған.

"Teahouse" компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Анар Баязинова  Sputnik Қазақстан агенттігіне берген ресми түсініктемесінде алаңдауға еш себеп жоқ екенін айтқан.

Оның айтуынша, видеода ер адам ашып көрген шай "Кешкі" деп аталады

"Бұл роликте біз шағын түйіршіктерді көріп отырмыз, олар бергамоттың (шырынды, ірі жемісті алмұрт түрі – агенттік) хош иісін шығару үшін пайдаланылады", — деген Анар Баязинова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel