RU
Павлодарда полицейге пара берген жүргізушілер қамауға алынды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда полицейге пара берген жүргізушілер қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Павлодардағы полиция инспекторларына пара бермек олған екі жүргізуші туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: СҚО ІІД баспасөз қызметі

Көрнекі фото: СҚО ІІД баспасөз қызметі
Source: UGC

Екі көлік жүргізушісін жолда жүру ережелерін сақтамағаны үшін тоқтатқан. Ал олар жауапкершіліктен жеңіл құтылу үшін полиция қызметкеріне ақша ұсыныпты.

Бірі 5 мың, екіншісі 12 мың теңге бермек болған.

Сәдубаевтың мәліметінше, жүргізушілер бұл әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін деген инспектор ескертуіне құлақ аспаған.

«Жүргізушілер ақшаны патрульдік полиция көлігінің ішіне қалдырған", - дейді ол.

Қазіргі уақытта аталмыш оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Сәдубев қазақстандықтарға ел заңнамасына сәйкес, пара беру де қылмыс болып саналатынын ескертіп өтті. Заңды бұзғандар абақтыға қамалуы мүмкін.

Бүгінде жемқорлық фактілерінің алдын алу үшін ІІМ саптық бөлімшелері қызметкерлеріне бейнетіркеуіш қойылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel