RU
Тапқыр әйел көзіне шөп салған күйеуіне ешкім ойлап таппас жаза қолданды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тапқыр әйел көзіне шөп салған күйеуіне ешкім ойлап таппас жаза қолданды

Рассказать Вконтакте

Австраилияда әйел адам өзіне адал бола алмаған жолдасын ерекше тәсілмен жазалаған. Ол ұзақ уақыт бойы көзіне шөп салып жүрген күйеуінің әрекетін әшкерелеп, оны тақырға отығызып кеткен деп жазады segodnya.uа сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua
Source: UGC

Мэл есімді әйел өзінің күйеуінің жиі іс-сапарға апаталап жоғалып кететініне қатты қынжылғанын айтты. Келіншек үнемі қашықта жүретін жолдасымен арасы суи бастағанын түсінеді.

Оның үйде болғанында барынша көңілін тауып тырыспақ болған Мэлдің әрекеттерінен нәтиже шықпайды. Марти үйге келе сала компьютерге жұмыс істеймін деп отырып алады.

Бір күні ер адам ноутбугын ашық тастап кеткен кезде, Мэл сүйіктісінің ашынасы бар екенін біліп қояды. Анықталғандай, Мартидің Канадаға іс-сапарға жиі баруының себебі жұмыс бабы емес, жаңа ғашығы болған.

Бастапқыда жанжалдасып жұбайының өтірігін әшкерелемек болған келіншек асқан тапқырлық танытқан. Ол күйеуінің кезекті іс-сапарға кетуін тиімді қолданып, ортақ үйді сатып жіберген.

Өз атында болған баспананың сатылымынан түскен ақшаны әйел адам екіге бөлген. Бірін өз жеке шотына, қалған жартысын ортақ отбасылық шотқа салды.

Қыруар қаржыға кенелген келіншек құрбыларымен кеме саяхатына аттанып кетіп қалған. Ал іс-сапардан келген Мартидің үйсіз қалған жаңалықтан қандай әсер алғаны белгісіз.

Түксіз қалған ер адам тіпті сол оқиғадан кейін әйеліне хабарласпаған да. Оған қоса, ол ақыр-соңы Канадаға көшіп кеткені белгілі болды. Ал, Мэл өз саяхатын әлі де жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз
2
1
2
1
2
19
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel