RU
"Қарапайым жігіт": Көшеде тыңдармандарын құшағына басқан Димаш елді тәнті етті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қарапайым жігіт": Көшеде тыңдармандарын құшағына басқан Димаш елді тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан атын әлемге танытып етіп жүрген Димаш Құдайберген жұлдыз болуына қарамастан өзінің қарапайым адам екенін дәлелдеді. Отандық әнші көшедегі тыңдармандарныың қасына тоқтап, оларды құшағына басқан. Көпшілік үнемі асығыс жүретін әртістерге қарағанда, жанкүйерін бар ынтасымен тыңдаған Димашқа тәнті болды деп жазады NUR.KZ.

Димаш Құдайбергенннің көшеде өз жанкүйерлерімен тілдесіп, олардың құшақтап жатқан видеосы Instagram желісіне таралып кеткен. Аталмыш бейнежазбада, танымал әншінің тыңдармандарымен асықпай тілдесіп тұрғаны көрініс тапты.

Қазақстандық жұлдыздың асқан қарапайымдылығына тәнті болған желі оқырмандары видеоның астына өз пікірлерін жарыса білдірген. Көпшілік үнемі асығыс жүріп суретке түсуден бас тартатын әріптестерінен гөрі, Димаштың тыңдарманын бар-ынтасымен тыңдағаны сүйсінтті.

"Өнерін өрге жүзсін бауырым. Қарапайымдылығынан айналып кеттім"
"Қандай тамаша. Кейбірі тіпті тоқтап қасыңда тұрмақ түгіл, қаша жөнеледі"
"Асығар түрі жоқ қой. Барын салып тыңдап тұр әрбір жанкүйерін. Қарапайымдылығын сақтап, жұлдыз ауруына шалдықпаған сен сияқты әншілер аз бізде" , - деп жазды оқырмандар.

Аталмыш видео Instagram желісіндегі kaz_stars парақшасында жарияланған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel