RU
"Әлі сенімсізбін": Ақтөбеде жоғалып кеткен келіншектің күйеуі мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

"Әлі сенімсізбін": Ақтөбеде жоғалып кеткен келіншектің күйеуі мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 28 тамыз күні жұмысқа кеткенен отбасына оралмаған Айдана Мұхамеджанованы жолдасы шарқ ұрып іздеп жүр. Келіншектің қайын жұрты мен төркіні жақсы хабардан үміттенеді. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбеде жоғалып кеткен егіз қыздың анасы күйеуімен

Фото: отбасылық архивтен

"Жаңалық бар, бірақ ештеңе айта алмаймын. Әлі сенімсізбін. Полиция жұмыс жасап жатыр", - дейді жолдасы Болат.

Ал келіншек жоғалған күні әріптестеріне тез оралуға уәде беріп, екінші аяқ киіміне дейін алып кеткен.

"2015 жылдан бастап жұмыс жасайды. Жақсы тәрбиеші. 28 қыркүйек күні екінші кезекке жұмысқа келіп, бір сағатқа бір жерге барып қайтамын деп сұранып кеткен. Екінші аяқ киімі мен компьютерін алып кеткен", - дейді "Алтын бала" балабақшасының меңгерушісі Динара Төребаева.

Туыстары жақсы хабардан үміттеніп отыр.

"Келін жоғалар күннің алдында ғана күліп ойнап жүрді. Аулада отырып мен шашын бояп бердім, қарбыз жедік. Інім арақ ішпейді не темекі тартпайды. Кішкентай қыздардың тілі де шықпаған.

Келініміз аман болса болды. Үмітіміз әлі үзілген жоқ. Амандығын тілеп отырмыз. Қалай болғанда да ол екі кішкентай қыздың анасы.

Құдай кешіргенді адам кешіреді. Аман болса, біз оның қандай шешіміміне де қарсы емеспіз", - дейді Самал Құлтажина.

Айта кетерлігі, тамыздың 28-і күні жұмысқа кетіп, үйіне сол күйі оралмаған Айдана 58 жастағы енесімен бірге тұрған. Келіншектің үш жастағы егіз қыздары бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
6
0
9
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel