RU
Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін сабаған жігіт: Ол мені бірінші болып ұрды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін сабаған жігіт: Ол мені бірінші болып ұрды

Рассказать Вконтакте

Көшедегі көлік жүргізушісінен таяқ жеген жедел жәрдем қызметкері Николай Кучма өзін ренжіткен адаммен полиция алдында жолықта. Бұл туралы «Время» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: "Время"

Фото: "Время"

Басылым тілшілері жәбірленушіге жолығып, одан істі тексеру барысы туралы сұраған. Николай Кучма 28 жастағы өзіне қол көтерген жігітпен кездесуі туралы айтып берді.

"Сейсенбі күні полицияға барғанымда онымен бепе-бет кездестім. Ол оқиғаны өзінше баяндап берді: маған сыпайы түрде келіп, дұрыс жүрмегенімді айтқан екен, ал мен оны ұрып жіберіппін... Қалағанын айта берсін!, - дейді Николай.

Сондай-ақ жәбірленуші оқиғаның видеоға жазылғанын және кем дегенде екі куәгер бар екенін айтып өтті.

Жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Сәбит Пазыловтың айтуынша, оқиға орнына тағы да екі жедел жәрдем көлігін жіберуге мәжбүр болған. Олардың бірі көлік ішінде жатқан науқасқа, екіншісі Николай Кучманы алып кетуге барған.

Айта кетейік, Николай Кучма денсаулығының әлі де түзелмегенін айтып отыр. Сейсенбі күні ол әлсіреп, құсып, басы қатты ауырған екен.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде жас азаматтың жедел жәрдем көлігі жүргізушісін балағаттап, жағасынан алған видеосы тараған еді. Көп ұзамай полицейлер басты кейіпкердің кім екенін анықтады.

Материалды көшіріп басу немесе пайдалану үшін "Время басылымы" ЖШС-нің рұқсатын алу міндетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel