RU
Димаш Құдайбергенннің ата-анасы қытай қызын келін етуге дайын ба?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайбергенннің ата-анасы қытай қызын келін етуге дайын ба?

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әншінің қытай қызын сүйіп түскен бейнебаяны желіде қызу талқыға түскен болатын. Көпшілік Димаш Құдайбергенннің тіпті өзге ұлтты аруға үйленбекші екенін болжады. Алайда, отандық жұлдыздың ата-анасы тараған түрлі қауесеттерге нүкте қойып, аралас некеге жол жоқ екенін айтты деп жазады НТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аралас некеге түбегейлі қарсы екенін айтқан жұлдызды жігіттің ата-анасы Димаштың тек қана қазақ қызына үйленетінін айтып, уайымға салынған табынушы қыздарды қуантып қойды.

"Димаш қазақи ортада өсіп, тәлім-тәрбие алды. Біздің отбасыда үлкенге - құрмет, кішіге - ізет қағидасы ұстанады. Сол себепті, Димаш ағайын-туысының қандай талапты екенін жақсы біледі" , - дейді Димаштың әкесі.

Қанат Света Айтбаевтар жұлдызды ұлының жақын арада отбасын құруға ниетті емес екенін айтты. Айтуларынша, Димаштың барлық уақыты мен назары тек шығармашылығына ғана арналған. Сол себепті, отандық әншінің жеке өмірі әзірге ысырылып қойылса керек.

"Қазақы, тәрбиелі, көргенді болса екен деп айтып отырамыз. Баламыздың құлағында қалатын шығар. Ал енді қазіргі таңда, отбасы туралы айту ерте. Димаштың барлық ойы мен уақыты жұмыс жоспарында" , - деп айтты әншінің анасы.

Бағдарлама үзіндісі Instgram желісіндегі qazaq_star парақшасында жарияланған.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel