RU
"Талай нәрсе көріп жатырмыз": Дидар Кәден екінші рет шаңырақ көтермекші
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Талай нәрсе көріп жатырмыз": Дидар Кәден екінші рет шаңырақ көтермекші

Рассказать Вконтакте

Бірінші некесі сәтсіз болып сүйіктісімен ажырасып тынған Дидар Кәден екінші рет шаңырақ көтеруге ниетті. Лидия Кәденованың ұлы енді қателіктер жібермей, өз таңдауына аса сақ болатынын айтты деп жазады НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дидар Кәден жүрегін жаулап алар ару кезіккен бойда міндетті түрде үйленетінін айтты.

"Өмір ғой! Талай нәрсе көріп жатырмыз, ағаларымыздан да естіп жатырмыз. Кейбіреулер түсінбей жатады. Бұл заманауи тенденция болып кетті дейді. Жоқ, бұл бір Аллаға ғана белгілі нәрсе. Бірақ Құдай қаласа, екінші рет шаңырақ көтерем" , - деп бар сеніммен айтты актер.

Алайда, жұлдызды отбасында келін тақырыбы әзірге мүлде талқыланбайтын көрінеді. Лидия Кәденова кез келген ана іспетті ұлының қателікке бой алдырғанын қаламайды.

"Келін тақырыбы шыны керек қозғалған жоқ әлі. Енді немересі бар. Ұлым өссін. Ол енді міндетті түрде күндердің күнінде болатын әңгіме ғой. Бірақ дегенмен әзірге 2-3 жылдың көлемінде, талқыланбайтын сұрақ-ау деп ойлаймын өзім" , - деп айтты Дидар.

Ал бұрынғы жұбайымен Дидар қосылу мәселесін мүлде қарастырмаса керек. Айым тұралы сұрақтарға әнші қандай да бір жауап беруден бас тартады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
0
5
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel