RU
13 тастанды баланы асырап алған отбасы елдің жүрегін елжіретті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

13 тастанды баланы асырап алған отбасы елдің жүрегін елжіретті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қиын қыстау күндері 13 тастанды баланы бауырына басқан Түркістан облысының 84 жастағы тұрғыны елдің сүйіспеншілігіне бөленді. Қарт әйелімен бірге бес баласының барына қарамастан, өзге бүлдіршіндерге қамқор болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik/Жансая Тәуекелқызы

Фото: Sputnik/Жансая Тәуекелқызы

Кентау қаласында тұратын 84 жастағы Ысқақ қария жұбайы Гүлжахан Керімбайқызы екеуі бес баланы дүниеге әкелген. Ал егемендік алып, қиын-қыстау заман туған кезде қария елге көмегім тисін деген мақсатпен 13 тастанды баланы қамқорлығына алып, 1994 жылы өз үйінде "Арнұр" балалар үйін ашады.

"Мен өзім жетім өскен адаммын. Алла нәсіп етіп, шаңырақ көтеріп, аяқтан тұрған соң тастанды балаларды тәрбиелеймін деген ой болды. Егемендік алған алғаш жылдары елде қиын заман болды. Көкек аналар балаларын көрінген жерге тастап кететін. Жұбайым екеуміз келісіп, "дүние есігін енді ашқан сәбилерді өлтіріп алмайық. Осыларға шамамыздың келгенінше көмек берейік" деп осы балалар үйін аштық. Елбасымыздың өзі халыққа қолдан келгенше елге жәрдем беріңдер деп айтты. Біреулер егін егіп, бірі мал бағып, шамасы келгенше жұмысын дөңгелетіп отырды.

Мен өзім алпыс жыл дәрігер болған адаммын, қолымнан келгені қараусыз қалған балаларды қамқорлығыма алу болды. Осылайша халық санының артуына титтей болса да үлесімді тигізсем дедім. Бүгін ол арманым орындалып та жатыр. Тәрбиеленген қыздар тұрмысқа шығып, ұрпақ сүйіп отыр", - деп әңгімесін бастаған қайырымды жан оның бұл шешімін әкімшілік тарап та құптағанын атап өтті.

Әу баста "Арнұр" үйіне 13 бала қабылданған. Алайда кейбір ата-аналар аяққа тұрған соң, тоғыз баланы алып кеткен. Ал төрт қыз туыла сала Ысқақ қария мен Гүлжахан әжейдің қолында қалған.

"Бәрі тәрбиеге байланысты ғой. Шүкір, қыздарымыз өте ақылды болып өсті. Мектепте оқу озаты атанды. Өз күштерімен оқуға түсті. Грантта оқыды. Қазір үшеуі тұрмысқа шықты. Екеуі ана атанып үлгерді. Бір қызымыз медицина мамандығы бойынша білім алып жатыр. Өз балаларымыз бен олардың жас айырмашылықтары әжептеуір. Сондықтан оларды немерелеріміздей көреміз. Бәрі де бауырмашыл. Олардың балалары бізге шөбереміз", - деді Ысқақ Жұмашев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel