RU
Астанада сөмкеден табылған әйелді кім тастап кеткені анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада сөмкеден табылған әйелді кім тастап кеткені анықталды

Рассказать Вконтакте

Өткен аптада Астанадағы базар маңының бірінен қытай дорбасынан белгісіз әйел адамның мүрдесі табылған еді. Шаһардың ішкі істер департаменті марқұмды сөмкеге салып, тастап кеткен күдікті ер азаматты ұстаған деп хабарлайды ведомство жіберген баспасөз хабарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: nurgroup.kz

Көрнекі фото: nurgroup.kz

Бұған дейін 13 қыркүйекте Астанадағы "Шанхай" базары маңынан сөмкеге салынған әйел адамның өлі денесі табылған еді. Тәртіп сақшылары сол күні әйел адамның кім екенін анықтаған. Ол 26 жастағы Өзбекстан азаматшасы екен.

Сот-медициналық сараптама барысында, оның ішкі ағзасында туберкулез болғанының, салдарынан ағза уланып қайтыс болғанын анықтаған.

Қазіргі таңда полицейлер күдікті ретінде 30 жастағы азаматты қамауға алған. Оның айтуынша, ол соңғы үш жыл бойы әйелмен азаматтық некеде тұрған екен. Сондай-ақ олардың екі жасар ұлы бар екені анықталған. Марқұм жалдамалы жатақханада асқынған аурудан қаза тапқан.

Ер адам марқұмды жерлеуге ақша таппай, денесін сөмкеге салып, базар маңына тастап кеткен. Ол басқа адамдар мәйітті тауып, оны жер қойнауына тапсырады деп сенген. Сөйтіп, оқиға орнынан басқа қалаға қашып кеткен. Тәртіп сақшылары оны Түркістан облысы аумағынан тапқан.

Сонымен бірге, марқұмның баласының да қайда екені белгілі болған. Ол осы күнге дейін әйел адамның таныстарының үйінде болған. Бүгінде сәби Астана қаласы кәмелет жасына толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығына тапсырылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
5
6
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel