RU
Назарбаев Путинге көңіл айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Путинге көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге хабарласып, Сирияда қаза тапқан 15 әскери қызметкер үшін қайғыра көңіл айтты деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото; © Sputnik / Михаил Климентьев

Фото; © Sputnik / Михаил Климентьев

"Нұрсұлтан Назарбаев Сирияда атылған "Ил-20" ұшағының бортында қайтыс болған ресейлік әскери қызметкерлердің қазасына байланысты көңіл айтты", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, екі мемлекеттің басшылары екіжақты күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді, еуразиялық кеңістікте интеграциялық бірлестіктер шеңберінде бірлескен жұмыс жүргізудің келешегін, басқа да халықаралық өзекті мәселелерді талқылаған.

Айта кетейік, 17 қыркүйек күні бортында 15 әскери қызметкер бар ресейлік ИЛ-20 ұшағы жоғалып кеткен еді. Кейін олардың Сирия әуе қорғаныс күштерінің атып құлатқаны белгілі болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel