RU
Бұрынғы вице-министрлердің ісіне қатысты тың деректер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Бұрынғы вице-министрлердің ісіне қатысты тың деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде экс-энергетика вице-министрлеріне қатысты тың деректер шықты деп жазады NUR.KZ.

Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев. Коллаж: NUR.KZ

Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев. Коллаж: NUR.KZ

"Бір ғана көлге қатысты екі бірдей іс қаралып отыр. Оның екеуінде де ақша атқарылған жұмысқа кетті деген желеумен жымқырылып отырған. Өкініштісі, мұндай жағдайдар жетерлік. Сол үшін, мемлекеттік сатып алулар процесінің барынша ашық болуын қадағалауымыз керек. Яғни, оған қоғамдық бақылау керек. Егер жоспарланған жұмыс жайлы көпшілік білетін болса, біз осындай жағдайға душар болмайтын едік", - дейді агенттік басшысының орынбасары Олжас Бектенов.

Қазіргі таңда, екі вице-министрге қатысты тергеу жалғасып жатыр. Олардың екеуі де үйқамақта отыр.

Айта кетерлігі, экс-вице-министр Ғани Сәдібеков "Аймақ" ЖШС Д. Дуанбекпен ымыраға келіп, 3,6 млрд теңгені құрайтын жалған актіге қол қойғаны анықталған еді. Бұл ақша Бурабайдағы көлді тазартуға жұмсалады деп жоспарланған екен.

Біршама уақыттан соң, министрліктің тағы бір вице-министрі – Бақытжан Жақсалиев те ұсталған еді. Оған да көлді тазарту жұмысына арналған ақшаны жымқырды деген айып тағылған-ды. Құжат бойынша 863 млн теңге тұратын жұмыс болғанымен, оның 746 млн теңгесі игерілмегендігі анықталған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel