RU
Қайрат Нұртастың Болат Назарбаевтың қызымен ән айтқаны жалған болып шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың Болат Назарбаевтың қызымен ән айтқаны жалған болып шықты

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде Қайрат Нұртастың Болат Назарбаевтың қызымен ән айтқаны жайлы ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда бұл мәлімет жалған болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас, Альбина Болатқызы. Коллаж: NUR.KZ

Қайрат Нұртас, Альбина Болатқызы. Коллаж: NUR.KZ

Қайрат Нұртас бұрынғы "BN" қазіргі "Alar" тобымен клип түсірген.

Алайда клипте Қайрат Нұртаспен ән орындаған бойжеткен Альбина Болатқызы емес, Ақниет есімді ару болып шықты.

Альбина Болатқызы

Альбина Болатқызы

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын "BN"-нің құрамында өзгеріс болып, Альбина өзі жеке шыққан болатын.

Осыған дейін топта екі жігітпен ән айтқан Альбина Болатқызы енді жеке әнші болып ел алдына қайта оралмақ.

Бойжеткен жақын уақытта өзінің тыңдармандарымен қайта қауышып, тың туындыларын ұсынбақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
4
2
0
3
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel