RU
Астанада бетперде киген ер адам 13 жасар оқушы қыздың тұмсығын бұзған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада бетперде киген ер адам 13 жасар оқушы қыздың тұмсығын бұзған

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 20 қыркүйек күні, сағат 17:30 шамасында Астанадағы 28 мектептің жанында медициналық маска киіп алған белгісіз азамат 13 жасар қызға "түрі ұнамағаны үшін" жұдырық жұмсаған деп хабарлайды Baq.kz.

Астанада

Көрнекі фото: 31TV.RU
Source: UGC

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұзақылық әрекетке барған адамды іздеу мүмкін болмай отыр.

«Қылмыскерді жапа шеккен оқушы суреттеп бере алмады. Сондай-ақ, сұр түсті киім киген күдікті бетін тұмшалап жауып алған. Бұған дейін де осындай оқиғалар орын алған болуы мүмкін деген қауіп бар», - дейді мамандар.

ІІД баспасөз қызметі мәлімдегендей,тәртіп сақшылары осыған ұқсас жағдайға душар болғандар бар болса құқық қорғау органдарына шағым түсіруін, немесе сайтқа сол туралы ақпарат жазып қалдыруын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз
1
7
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel