RU
БҚО әкімі Алтай Көлгінов 17 млн теңге тұратын қымбат көлікпен жүретін болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

БҚО әкімі Алтай Көлгінов 17 млн теңге тұратын қымбат көлікпен жүретін болды

Рассказать Вконтакте

БҚО әкімі Алтай Көлгінов су жаңа қызметтік көлікке қол жеткізді. Енді ол бағасы 17 миллион теңге тұратын KIA Quoris автокөлігімен жүретін болады деп хабарлайды «Уральская неделя» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

цупукп

Алтай Көлгінов. Фото: Baq.kz

Облыс әкімі қымбат көлігімен демалыс күндері көзге тсүкен.

Әкімдік қызметкерлері Алтай Көлгіновтің бірнеше айдан бері қара түсті KIA Quoris қызметтік көлігімен жүргенін растады.

Әкімнің ресми өкілдері болса бұл темір тұлпарды полициядан алғанын мәлімдеді. Өткен жылы облыстық ІІД бюджетіне алынған көлік үшін 17 миллион теңге жұмсалған.

Ішкі істер департаменті аса қымбат көлікті ресми делегация өкілдерін күтіп алуға арналған кортеж үшін сатып алғандарын жеткізді.

Осы жылы бұл жеңіл көлік əкімшіліктің меншігіне ауыстырылған.

Сөзге қоса кетейік, агенттіктер көліктің отандық құрастырудан шыққанын жəне Қазақстаннан сатып алынғанын хабарлады.

Шығарушы компания осы автокөлікті қазіргі уақытта тек Астанадан 23,5 млн теңгеге сатып алуға болатынын айтты.

KIA Quoris Оңтүстік Кореядағы автокөлік шығару орындарындағы ең қымбат көлік болып табылады. Базарда тек екі жиынтығы ғана сатылымда.

Алтай Көлгіновтің қызметтік машинасы былғары салонмен, жəне мультимедиялық жүйемен жабдықталған.

Еске сала кетейік, осыған дейін өңір басшысы бұдан да қымбат көлікпен жүрді. Audi A8 құны - 55 млн.теңге тұрған еді.

Сіздің реакцияңыз
7
2
0
2
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel