Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орынбасары парамен ұсталса министр отставкаға кетуі мүмкін

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Енді орынбасары парамен ұсталса, бірінші басшы да жауапқа тартылуы тиіс. Яғни жемқорлық дауына іліккен жағдайда министр немесе әкім бірден қызметтен кетуі мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: Patrul.kz
Көрнекі фото: Patrul.kz: UGC

Агенттіктегілер дайын құжатты мәжіліске жіберген. Мұны депутаттар талқылауда.

"Кез келген мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, оның басшысы, ол саяси болсын, әкімшілік қызметкер болсын жауапкершілікке тартылатын болады. Егер саяси қызметкер болса, отставкаға кетеді. Әкімшілік қызметкерлер жұмыстан босатылады", - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бұған дейін вице-министр немесе облыс, қала басшыларының орынбасарлары парамен ұсталса, оған министр мен әкімдер жауап бермейтін.

Мәселен, қазір Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың қос орынбасары үйқамақта отыр. Бірақ агенттіктегілер министр жауапкершілікке тартылмайды деп отыр. Себебі, оның орынбасарлары заң жобасы дайын болмай тұрып ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1753883-orynbasary-paramen-stalsa-ministr-otstavkaga-ketui-mmkin/

pixel