RU
Оралда науқасты қарауға барған медбике соққыға жығылды
Жаңалықтар Қоғам

Оралда науқасты қарауға барған медбике соққыға жығылды

Рассказать Вконтакте

Оралда №6 емхананың қызметкерін науқасты қарауға барғанда тұншықтырып, тонаған деп хабарлайды "Мой город-қа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: bk55.ru

Көрнекі фото: bk55.ru
Source: UGC

Қалалық аурухананың менеджері Флюра Саматованың айтуынша, науқасты тексеруге барған мейірбикені көрші ер адам ұстап алып, тұншықтырған. Бірнеше соққы жұмсап, оны үйіне кіргізбек болған. Алайда мейірбике ер адамнан босап шығып, қашып үлгерген.

Сондай-ақ қалалық аурухана менеджері, мейірбикенің оқиғадан кейін қатты қорқып қалғанын айтады.

Айта кетейік, мейірбикеге шабуылдаған ер адам оның телефоны мен сөмкесін де тартып алған. Қазір аурухана қызметкері азаматтың үстінен арыз жазған.

Сіздің реакцияңыз
0
4
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel