RU
Ақтөбеде полицейлерге шабуыл жасауды жоспарлаған 147 радикал ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде полицейлерге шабуыл жасауды жоспарлаған 147 радикал ұсталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің басшысы Махамбет Абисатов полицейлерге шабуыл жасауды жоспарлаған 147 радикалдың ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол мәслихат сессиясы кезінде айтқан деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Готовили нападение на полицейских: 147 радикалов задержали в Актобе

Ақтөбе полицейлері. Көрнекі фото: azattyq.org

ІІД басшысы істің мән-жайы туралы толық ақпарат бермеді.

"Жақсылық жария болмауы керек. Біз мұны ешқандай пиарсыз, тып-тыныш жасадық", - дейді Абисатов.

Журналистер ұсталған күдіктілердің саны 147 екенін анықтады. Абисатов бұл жайтты депутаттың сұрағына жауап беру кезінде айтып қалған. Ол Ақтөбедегі полиция учаскелерінің терезесіндегі торларды Алматыдағыдай алып тастау әлі ерте екенін еске салды.

"Терезелердегі темір торлар азаматтардан тасалану үшін қойылған жоқ. Бұл -антитеррорлық қорғаныс. Бөлімшелерде де қару мен оқ-дәрілер бар. Министріміз азаматтар бізге еш кедерегісіз келуі керек, дейді. Біз оған жағдай жасап жатырмыз. Қазіргі кезде неше түрлі атаулар ойлап тауып жатыр. Оларды айтып жатқанда, бейәдеп сөз айтып қоюдан қорқасың.

Полиция бөлімшелеріне кез келген адам тез арада жүгіне алуы үшін open-кеңселер ашу керек деп жатыр. Бізде бұл мәселе онсыз да тез арада шешіледі. Азаматтар полицияға келгенде, көп уақыт күтіп отырмайды", - деді Ақтөбе облыстық полиция басшысы.

Депутаттар болса, полицейлер өздерін қорғаймыз деп, тергеуші немесе анықтаушының қабылдауына кіру үшін сағаттап кезек күтетін азаматтарды ұмытып кетпеуін сұрады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel