RU
Әккі ұры банан жеймін деп полицияға ойда-жоқта ұсталып қалды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Әккі ұры банан жеймін деп полицияға ойда-жоқта ұсталып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қытайда полиция тоналған үйден банан алып кеткен ұрлықшыны қолға түсірді деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az

Фото: oxu.az

Тәртіп сақшылары ұзақ уақыт бойы ауылдағы бірнеше үйге қарақшылық жасаған қылмыскерді таба алмай келген. Себебі үйлердің маңында бейнебақылау камералары өте аз болыпты.

Нәтижесінде қылмыскерді табуға кездейсоқтық себеп болады: Жәбірленушілердің бірі үйі тоналғаннан кейін ас бөлмесіндегі банан да жоғалып кеткенін айтқан.

Полиция қызметкерлері камералар арқылы жазылған видеоларды мұқият тексере келе, ұрлық болған үйге жақын көшеде банан жеп келе жатқан азаматты байқайды. Дәл сол азамат тоналған басқа да үйлердің маңында да камераларға іліккен екен.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары оны іздестіріп, қаладағы интернет-кафелердің бірінде қолға түсірген.

Күдікті барлық кінәсін мойындап, жұмыссыздық кесірінен осындай қадамға барғанын айтыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel