RU
77 жасқа келген Амантай қажының қанша баспанасы мен джипі бар?
Жаңалықтар Қоғам

77 жасқа келген Амантай қажының қанша баспанасы мен джипі бар?

Рассказать Вконтакте

Амантай қажы - еліміздегі атышулы әрі танымал тұлғалардың бірі. Бірнеше рет президенттікке үміткер болған ол өзінің шулы мәлімдемелерімен, айрықша образымен белгілі. NUR.KZ порталының Oybay Life жобасына қатысып, қонақ болған қажы өзінің иелігінде не бар екенін ашып айтты.

Амантай ақсақалдың айтуынша, ол 77 жасқа келгенімен иелігінде Алматыдағы ескі пәтерден басқа ешнәрсесі жоқ. Ал өзін аста-төк байлыққа ие деп сөгетіндердің сөзі өтірік, дейді ол. Дегенмен, ол осы жасқа дейін тапқан таянғандарын зағип жандарға беріп келгенін де жасырмады.

Мәселен, оның балалары 20 миллион теңгені мұқтаж жандарға көмектесуге жұмсаған екен.

Оның айтуынша, бар саналы ғұмырында ол өзіне велосипед те сатып алмаған екен. Ал мұқтаж жандарға жұмсаған қаражатына ол екі үй салып, үш джип алуға болар еді, деп отыр.

Сонымен бірге, Амантай қажының айына 49 мың зейнетақыға қалай күн көріп отырғанын, оның қалай тамақтанатынын Oybay Life жобасының жаңа шығарылымынан көре аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
4
0
2
2
9
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel