Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дубайда достарының төбелесіне куә болған арудың басы бәлеге қалды

Опубликовано:

22 жастағы Ұлыбритания тұрғынын Дубайда қонақүйлердің бірінде ер азаматтардың төбелесіп жатқанын көргені үшін үш айға қамап қойды. Бұл туралы Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото © Facebook/Asa Ricki Hutchinson
Фото © Facebook/Asa Ricki Hutchinson: UGC

Аса Хатчинсон достарымен бірге серуендеп жүріп, қонақүй вестибюлінде ұйықтап қалған мас азаматпен селфи жасамақ болады. Сонда 54 жастағы швециялық менеджер оянып кетіп, жастарға тап берген. Нәтижесінде азаматтың мұрны, қол және аяқ саусақтары сынған. Бойжеткен швециялықтың сынып қалған көзілдірігін қоқысқа тастағаннан басқа ешнәрсе істемедім дейді.

Ал жәбірленушінің айтуынша, жігіттердің бірі оны бетінен ұрып оятқан. Көзін ашқан кезде барлығы өзіне қарап күліп жатқанын байқайды. Осыдан кейін ол ашуға мініп, төбелес басталғанын айтқан.

Полиция оқиғаға қатысқан барлық адамнан жауап алғанымен, тек Аса ғана жауапкершілікке тартылыпты. Себебі ол БАӘ-де жұмыс істеп жүргендіктен, ел заңнамасын қорғауы керек еді дейді тәртіп сақшылары.

Осылайша, бойжеткен төбелеске қатыспаса да, оған шабуыл жасап, көзілдірікті ұрлады деген айып таққан. Үкім жарияланбай тұрып, тергеу жұмыстары екі жылдан астам уақытқа созылыпты.

Асаның қорғаушылары енді іске Ұлыбритания басшылығының араласуын сұрап, әділдік орнағанын қалап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1753925-dubajda-dostaryny-tbelesine-ku-bolgan-arudy-basy-blege-kaldy/

pixel