RU
Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?
Жаңалықтар Спорт

Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің алдағы уақытта кіммен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Reuters

Фото: Reuters
Source: UGC

"WBO жүлдесі үшін Билли Джо Сондерспен жекпе-жек болуы мүмкін. Егер жеңіп шықса Деметриус Андарде немесе WBA жүлдесінің тұрақты иегері Риото Муратамен жұдырықтасуымыз мүмкін" , - дейді Абель Санчес

Айта кетейік, Геннадий Головкин Сауль Альвареспен орын алған реваншында оған есе жіберіп, кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісіне тап болды. "Канело" төрешілердің шешімімен жекпе-жектің жеңімпазы атанды.

Отандысымызға тиесілі WBA Super, WBC және IBO белбеулерінің барлығы мекискалықтың иелігіне өтсе де, екі күнне соң Альварес бағалы белбеуден айырылып қалды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
0
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel