RU
Данияр Кесікбаевтың қайын атасына тағы бір айып тағылды
Жаңалықтар Қоғам

Данияр Кесікбаевтың қайын атасына тағы бір айып тағылды

Рассказать Вконтакте

Малайзияның бұрынғы премьер-министрі болған Данияр Кесікбаевтың қайын атасы Наджиб Разакқа тағы бір айып тағылып отыр деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Данияр Кесікбаевтың қайынатасына тағы бір айып тағылды

Наджиб Разак. Фото: РИА Новости

Разак 680 миллион доллардан астам қаражатты заңсыз иемденгені үшін айыпталуда.

Жаңа іс 20-дан астам эпизодтан тұрады.

Жуырда жарияланған ұлттық полиция мәлімдемесінде Наджиб Разак заңсыз түрде ақшалай қаражатты қолды етіп, оларды пайдаланды деген айып тағылғаны айтылған.

"Разакқа қаражатты заңсыз пайдаланып, терроризмді қаржыландырды деген айып тағылып отыр", - делінген хабарламада.

Дереккөз ұсынған ақпаратқа сәйкес, экс-шенеунікті таяу күндері қамауға алған. Күні кеше, 20 қыркүйек күні ол сот алдына келіп, оған бірнеше айып тағылып отырғаны айтылған.

Еске салсақ, шілде айында оны 10 миллионды долларды заңсыз иемденді деген айыппен тұтқынға алған болатын.

Алайда, экс-министр өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамай отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel