RU
"Канело" Головкинмен жекпе-жектен кейін үлкен қиындыққа тап болды
Жаңалықтар Спорт

"Канело" Головкинмен жекпе-жектен кейін үлкен қиындыққа тап болды

Рассказать Вконтакте

Сауль Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жегінен кейін аса үлкен қиындыққа тап болған. Мексикалық боксшының промоутері ірі HBO арнасымен арадағы келісімшарттың аяқталғанын айтып, бұл жағдайдың спортшы үшін қандай зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін де жеткізді деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: korrespondent.net

Фото: korrespondent.net

Оскар де ла Хойя Головкинмен өткен жекпе-жектің "Канело" үшін HBO арнасында көрсетілген соңғы жұдырықтасуы болуы мүмкін екенін жасырмай айтты.

"Біз жақсы серіктеспіз, сол себепті олар алғы сөз құқығы мен соңғы шешімге өздері ие. Жақсы келісімшартқа қол жеткізу - біздің жұмысымыз" , - деді Альварестің промоутері.

Оның айтуынша, мексикалық боксшының тобы ESPN, DAZN, Facebook, тіпті Showtime іспетті ірі арналардың ұсыныстарын қарастырып көрмек.

Боксшының өкілі дұрыс шешім қабылдап, ең үздік деп табылған арнамен келісімшарт жасасатындарына кәміл сенімді екенін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
1
2
3
0
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel