RU
Тоқаев үкімет жұмысына көңілі толмайтынын кесіп айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев үкімет жұмысына көңілі толмайтынын кесіп айтты

Рассказать Вконтакте

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жұмысына көңілі толмайтынын айтып, мемлекеттік органдар жұмысын сынап тастады. Ол түйткілді мәселелердің шешілмеуі, заңды мың мәрте жөндеу, жұмыстағы жүйеліліктің жоқты сынды келелі мәселелер жөнінде өз пікірін айтты деп хабарлайды NUR.KZ хабарлайды.

Фото: alashakparat

Фото: alashakparat

"Сондықтан біздегі заң құқықтық алаңға айнала алмай отыр, ол тек мәселенің қалай өрбуіне қарай мың мәрте өзгертіліп отыр. Тіпті, кей кезде парламент бекіткен заң актілері өз күшіне енгеннен кейін, оған жүз рет өзгерту енгізген күндер де болды", - деді Тоқаев.

Десе де сенат төрағасы нақты қандай заңдар қанша рет өзгертілгенін атап өтпеді.

Сонымен бірге Тоқаев заңдардың тек аз ғана уақытта қолданысқа ие болатынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай заңдар қабылданып қана қоймай, экономика мен қоғамдық өмірдің түйткілді мәселелерін шешуі тиіс екен.

"Бір ғана заңды мың құбылтып берулері мүмкін. Сосын әрине халық парламент пен үкіметке сыни көзбен қарайды", - деді сенат спикері.

Ол сонымен бірге әр мемлекеттік орган тек өзіне ғана жұмыс істейтінін атап өтті.

“Ешкім түрлі халықаралық ұйымдармен ынтымақатстық орнатуға қарсы болып отырған жоқ, бірақ алдымен заң шығару ісі Қазақстан азаматтарының қажеттіліктерін өтеу үшін, олардың ұлттық мүдделерін қорғау үшін бағытталатынын ұмытпау керек", - деді Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel