RU
ШҚО-да сібір жарасын жұқтырған ер адам ауруханаға тікұшақпен жеткізілді
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да сібір жарасын жұқтырған ер адам ауруханаға тікұшақпен жеткізілді

Рассказать Вконтакте

ШҚО-ның Катонқарағай ауданының тұрғыны сібір жарасын жұқтырып алған. Ауыр дертке шалдыққан науқас бірден Өскемендегі ауруханаға тікұшақпен шұғыл түрде жеткізілген деп хабарлайды 31 арна.

Фото: podolskriamo.ru

Фото: podolskriamo.ru
Source: UGC

Қауіпті ауруды жұқтырды деп күдікке ілінген азамат екі ауылдасымен бірге бұзау сойғаны анықталды. Олар мал етінің жартысын сатып, жарты бөлігін көршілері мен туыстарына таратып берген.

Оқиғадан кейін бір аптадан соң ауырып қалған ер адам ауруханаға жүгінген. Қазіргі таңда сойылған малдың етін пайдаланған 40-қа жуық адам бақылауға алынып, толықтай тексерістен өтті. Дәрігерлер оларды күн сайын жіті қадағалау үстінде.

Мал сойылған орындар мен оның етін жеген тұрғындардың үйлері де арнайы қоспамен тазартылып, мамандар қалған мал етіне тексеріс жүргізіп жатыр.

Оқиғаға қатысты ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы Юлия Кирьянова мәлімдеме жасады.

"Науқас №1 қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатыр. Оған алдын-ала терісінде сібір жарасы ауруына тән белгілер бар деген диогноз қойылды. Қазір қажетті дәрілерін алуда. Біздің қызметіміз тарапынан ауру жұққан аумақта қажетті алдын-алу жұмыстары толық жүргізіліп жатыр" , - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel