RU
Демалыс күндері елімізде қандай ауа райы болады?
Жаңалықтар Қоғам

Демалыс күндері елімізде қандай ауа райы болады?

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер 22-24 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері еліміздің барлық өңірлерінде астрономиялық күздің басталуы байқалады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: mamamozhetvse.ru

Көрнекі фото: mamamozhetvse.ru

Синоптиктердің болжамынша, 22-24 қыркүйек аралығында күтілетін күзгі күн мен түннің теңесуі кезінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.

Күзгі жауын-шашындар болып, салқын ауа райы күтіледі.

Мамандар мұндай күн райы Қазақстанға Батыс Сібір аймағынан келетін циклон және суық атмосфералық фронттармен байланысты дейді.

Ал батыс өңірде оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың және жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel