RU
Қазақстанды сағынған неміс азаматы "Шудың бойында" деп шырқай жөнелді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанды сағынған неміс азаматы "Шудың бойында" деп шырқай жөнелді (видео)

Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист Қанат Әуесбай өзінің Instagram парақшасында Германия азаматтарының қазақ әнін шырқап, билеп жатқан видеосын жүктеді. Онда жергілікті халықтың "Шудың бойында" әніне билеп, көңіл көтеріп жатқандықтарын көруге болады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Онда белгісіз азаматтың сахна төрінде қазақ әнін тамылжыта орындап жатқанын анық көруге болады. Бір қызығы, Германиядағы жергілікті халық та әнге билеп, көңіл көтеруде.

Ал, журналис Қанат Әуесбайдың пайымдауынша, қазақша әнді орындап жатқан жан Жамбыл облысында туған неміс азаматы болуы мүмкін екен. Автор бейнежазбаға қатысты былай деп жазған:

"Мынау Германиядағы концерт екен. Жергілікті халық "Шудың бойында" деп шырқатып отыр. Шамасы кезінде Жамбыл облысы Шу ауданынан көшіп кеткен оралман немістер шығар. Бірақ мәселе онда да емес, мәселе адамның өзі туып-өскен жерін сағынып, əнге қосуы кімді де болсын тебірентпей қоймас иә. Туған жердің қадірі əсіресе жат жерде жүрсең ерекше сезіледі ғой".
Желі қолданушылары неміс азаматының аталмыш әрекетіне риза болған. Олар "Керемет", "Нағыз туған жерге деген сағыныш", "Жарайсыңдар" деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
3
35
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel