RU
ШҚО-да қоқыста жатқан Абайдың мүсінін қала әкімдігі сатып алатын болды
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да қоқыста жатқан Абайдың мүсінін қала әкімдігі сатып алатын болды

Рассказать Вконтакте

Өскеменде қоқыстан табылған Абай мүсініне қатысты оқиға жағымды жаңалықпен аяқталды. Ел арасында қызу талқыға түскен ұлы ақынның мүсінін қала әкімдігі сатып алатын болды деп жазады Алтайньюс.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz
Source: UGC

Айта кетейік, күні кеше журналист Өскеменде күл-қоқыстың арасынан Абайдың мүсінін көріп, бұл көрініс жанына қатты батқанын айтқан еді.

Ұлы ақынның мүсіні далада жатқанын естіген Өскемен әкімдігі дер кезінде әрекет етіп, Абайдың бейнесін сатып алуға бекінген.

Бұл ақпаратты Өскемен әкімдігінің өзі де растап отыр.

Шаһар басшысы Жақсылық Омардың ұйымдастыруымен жергілікті қос кәсіпкер қоқыста қалып қойған Абай мүсінін сатып алатын болыпты.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz
Source: UGC

Қазіргі таңда, ұлы ақынның кеуде мүсіні қаланың қай аумағына және қашан орнатылатыны шешіліп жатыр.

Оған қоса, қала әкімі мүсінге жөңдеу жұмыстарын жүргізу жөнінде арнайы тапсырма берген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel