RU
Ақтөбеде ашылған орталықта Назарбаевтың анасының портреті ілінді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде ашылған орталықта Назарбаевтың анасының портреті ілінді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде "Анаға тағзым" атты рухани тәрбие беру орталығы ашылды. Облыс әкімі жаңа ғимараттың аналарға құрмет көрсетумен қоса, қазақ қыздары үшін тәрбиелік маңызы зор екенін алға тартты. Жаңадан бой көтерген орталықтың қақ төріне Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының фотосы ілінген NUR.KZ.

"Қақ төрде": Ақтөбеде ашылған орталықта елбасының анасына ерекше құрмет көрсетілді

Фото: NUR.KZ

"Анаға тағзым" тәрбие беру орталығының төрінде елбасы анасының суреті орналасқан.

"Жалғыз мен ғана емес, барлық адам уақыт өте келе, есейе келе анасына уақытты аз бөлгені, жылы сөзді аз айтқаны үшін өзін сөгетін шығар. Кезінде онымен жиі бірге болмағаныма қатты өкінемін. Оның мені қатты жақсы көретінін білетінмін. Әлі күнге дейін маңызды шешім қабылдарда оның әруағы мені қолдап отырады", - деген Назарбаев сөзі де орталық төрінен орын тапқан.
"Қақ төрде": Ақтөбеде ашылған орталықта елбасының анасына ерекше құрмет көрсетілді

Фото: NUR.KZ

Облыс әкімі жаңа ғимараттың анаға құрмет көрсетумен қатар қазақ қыздарының абыройлы болуға шақыратын тәрбиелік маңызы бар орталық болатынын айтты.

"Меккеге арқалап апарсаң да ана алдындағы борышыңды өтей алмайсың. Осы орталықтың ішінде қазақтың атын шығарған аналар насихатталады. Ананы құрметтеуіміз керек. Бибігүл апамыздай қазақтың батыр қыздарының Ақтөбеге келуі жастар үшін үлкен тәрбие.
"Қақ төрде": Ақтөбеде ашылған орталықта елбасының анасына ерекше құрмет көрсетілді

Фото: NUR.KZ

Қазақтың әр қызы Бибігүл Төлегеновадан үлгі алып, халыққа пайдамды тигіземін деп өсу керек. Аналарымыз аман, қыздарымыз абыройлы болсын. Еліміздің болашағы үшін еңбек етейік", - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
"Қақ төрде": Ақтөбеде ашылған орталықта елбасының анасына ерекше құрмет көрсетілді

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel