RU
Прокуратура жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түрік жігітін неліктен босатқанын түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Прокуратура жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түрік жігітін неліктен босатқанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Алматы прокуратурасы жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматының босап шығуының себебін айтты. Бұл туралы "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Прокуратура Алматы: Избившего водителя «скорой» гражданина Турции отпустили законно

Али Демир, Николай Кучма. Фото: time.kz, скриншот видео

Прокуратура Николай Кучманы ұрғаны үшін ұсталған ер адамға қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалғанын айтты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Прокуратура берген түсіндірмеден тергеуші түрік азаматына бұдан ауырлау жаза сұрағаны анықталды. Ол оған қатысты "Қамауда ұстау" жазасын қолдануға өтініш берген екен.

Алайда мұндай жаза бес жылдан аса уақытқа сотталуы мүмкін аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілерге қолданылады.

Прокуратура өкілдерінің сөзінше, Али Демирдің әрекеті қатты ауыр емес, ал мұндай жағдайда оған қолданылатын жазаның ең ауыры - 2 жылға дейін ғана бас бостандығынан айыру.

Сонымен бірге, істі қарау кезінде күдіктінің тұлғасы мен оның әлеуметтік жағдайы да зерттеледі.

Ұсталған азаматтың отбасылық жағдайы, еңбек дәрежесі, тұрғын-үй жағдайы мен осыған дейін жасаған құқықбұзышылық әрекеттері назарға алынады.

Күдікті Түркия азаматы болып шыққанына қарамастан, оның тіркелу құжаттарында кінәрат жоқ. Құқыққорғау органдарында оның бұған дейін жасаған қылмыстары тіркелмеген. Демир Қазақстан азаматшасына үйленген және олардың ортақ қызы бар.

Осылайша, Алматы прокуратурасында күдіктіні бұдан ары қамауға ұстауға ешқандай себеп таппаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
0
5
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel