RU
Астаналықтар қыс түспей жатып, қардан аққала соқты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астаналықтар қыс түспей жатып, қардан аққала соқты (фото)

Рассказать Вконтакте

Астаналықтар қыс түспей жатып, қардан аққала жасады. Қардан жасалған мүсінді белгісіз біреулер қаладағы "Қазақстан" спорт кешенінің алдында соққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Қардан жасалған аққаласы бар видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде пайда болды. Онда кәдімгі қардан соғылған аққаланы анық көруге болады.

Жазба авторы аталмыш видеоға қатысты былай деп жазған:

"Астана, 20 қыркүйек. Кеше "Қазақстан" спорт кешенінің жанында қар жатты. Күз басында қардың ол жерде қалайша жатқаны белгісіз. Бәлкім, мұз айдынына қажет қар шығар. Алайда шашылып жатқан қарды көрген жастар оны теріс айналып кете алмаған. Олар аққала соғып үлгерген".

Желі қолданушылары әзіл-шыны аралас видеоға таңданыстарын жасырмаған.

Олар "Қызық екен", "Аққала соғатындай қар қайдан пайда болған?", "Несі бар, әп-әдемі" деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel