RU
ШҚО-дағы Зырян қаласына "Алтай" атауы беріледі
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-дағы Зырян қаласына "Алтай" атауы беріледі

Рассказать Вконтакте

ШҚО әкімі Даниял Ахметов Зырян қаласына іссапармен барғанда шаһар атауын Алтай деп өзгертуді мақұлдады деп жазады YK-news.kz.

Фото: dosug-vko.kz

Фото: dosug-vko.kz
Source: UGC

Айта кетерлігі, мұндай ұсыныс алғаш рет 2018 жылдың 4 шілдесінде тасталған еді.

Аталмыш бастама жергілікті халық пен қоғамдық кеңес арасында қызу талқыға түсіп, ұсынысқа қатысты қоғамның пікірі екіге айырылған.

Десе де басылымның мәліметінше, соңғы шешім республикалық ономастикалық комиссия еншісінде қалмақ екен.

Еске сала кетейік, ғалымдар бұған дейін тұтастай Шығыс Қазақстан облысына Алтын Алтай атауын беру қажет деген ұсыныс айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel