RU
Елімізде еттің бағасы шарықтап кетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елімізде еттің бағасы шарықтап кетті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар соңғы уақытта етті аз жейтін болған. Оған Energyprom сарапшыларының мәліметтері дәлел бола алады деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: caribbeanhotfm.com

Көрнекі фото: caribbeanhotfm.com
Source: UGC

Зерттеушілер мәліметіне сүйенсек, екінші тоқсанда ет өнімдерінің бағасы орта есеппен екі пайызға өскен. Ал ауылдық жерлерде сегіз пайыз қымбаттапты.

Елімізде ет бағасы шарықтап кетті

Сонымен, жылқы еті бір айда екі пайызға, ал бір жыл ішінде 9 пайызға қымбаттаған. Қазір оның келісі 1694 теңгеден сатылуда.

Тауық еті 745 теңгеге дейін өсті.

Сиыр еті, шошқа және қой еттерінің құны жыл ішінде 6-8 пайызға өсіп, бір айда 0,2-0,3 пайыз шарықтаған.

Елімізде ет бағасы шарықтап кетті

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, еліміздегі ет сатылымы соңғы тоқсанда шамамен 4 пайызға азайған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel