RU
"Сотқа дейін барамын": Жедел жәрдем жүргізушісі Түркия азаматын кешірмей қойды
Жаңалықтар Қоғам

"Сотқа дейін барамын": Жедел жәрдем жүргізушісі Түркия азаматын кешірмей қойды

Рассказать Вконтакте

Алматылық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Николай Кучма өзіне қол көтерген түрік азаматының кешірімін қабылдамай қойды деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Сотқа дейін барамын": Жедел жәрдем жүргізушісі Түркия азаматын кешірмей қойды

Николай Кучма. Фото: time.kz
Source: UGC

Николай Кучманың айтуынша, оның адвокатына күдіктінің қорғаушысы келіп кешірім сұрап, емдік шаралар шығынын көтерейік деп өтінген.

Алайда ол әлі де өзін нашар сезінгендіктен, кешірмеймін деп отыр.

"Мен істі сотқа дейін жеткіземін. Менде барлығы бар, оның ешқандай материалдық қолдауын қажет етпеймін", - деген жүргізуші әділ шешімді тек соттан күтетінін айтып өтті.

Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда бегісіз азамат жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрып тастаған еді.

Артынша ол жігіттің түрік жігіті екені анықталды.

Әли Демир өз кінәсін осыған дейін мойындамай, төбелесті бірінші жедел-жәрдем жүргізушісінің бастағанын айтқан болатын.

Ал кейінірек жігіт қатесін түсініп, халықтан кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
1
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel