RU
Қолшатырын әйелге ұстатып қойған Айқын тағы да жұрттың сынына ілікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қолшатырын әйелге ұстатып қойған Айқын тағы да жұрттың сынына ілікті

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген өзінің Instagram парақшасында түсірілім барысынан сурет жариялаймын деп, желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырады деп жазады NUR.KZ.

Әнші оқырмандарына көрсеткен суретте оның стол үстінде жайғасып отырғанын байқауға болады. Ал жанында қара киінген әйел адам қолшатыр ұстап, жұлдызды көлеңкелеп тұр.

"Түсірілімнен шаршап кетсек осылай демаламыз. Қазақша үзіліс", - деп жазба қалдырған ол.

Айқынның суреті желі қолданушыларының ашуын келтіріп, көпшілік оны "жұлдыз ауруына" шалдыққан деп сөкті.

"Қолшатырды өзі ұстаса қолы түсіп қалады ма? Өзімшіл адамдарды ұнатпаймын", "Мен қандай керемет жұлдыз болсам да қолшатырды өзім ұстар едім немесе үстеліме жабыстырып қояяр едім", "Қызметшілері бар екенін көрсеткісі келіп салған сияқты", - деп пікір қалдырған оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel