Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Картадан ғимарат тұрғызған тараздық талант көпшілікті таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Тараздық Ерлан Алиев есімді өнерпаз жігіт рекорд орнатты. Ойын карталарынан «Астана Триумф» ғимаратының макетін жасаған ерекше дарын иесі бұл жұмысына төрт күн уақытын жұмсаған деп хабарлайды NUR.KZ.

200 қорап карта жұмсалған ғимараттың ені - 88, ұзындығы - 145, ал биіктігі - 180 сантиметрге жетіпті.

Сондай-ақ, аталмыш макет ешқандай желімсіз, жапсырғыш қағазсыз құралған.

Осы орайда, Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасы рекордшының еңбегін елге көрсетіп, талант иесін арнайы қонаққа шақырған.

Алайда бағдарлама соңында жүргізуші макеттің ештеңеге жабыспай тұрғанын көрсету үшін әдейі құлатып жіберді.

Бұл видео "Таңшолпанның" Instagram-дағы парақшасында қызу талқыға түсті.

Онда желі қолданушылары «Әлемдік рекордты жаңартуыңа тілектеспін!», «Қап, құлатқандары дұрыс болмады керемет еңбекті», «Тамаша!», «Жарайсың!», «Жүргізуші құрылыс басталғалы құлатуға дайын жүрген сияқты ғой», - сынды пікірлер жазылған.

Ал рекордшы жігіттің алдағы уақытта әлемдік рекордты жаңартам деген ниеті бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754056-kartadan-gimarat-trgyzgan-tarazdyk-talant-kpsilikti-tagaldyrdy-video/

pixel