RU
"Канело" Головкинді жеңген соң алғаш рет ұлды болды
Жаңалықтар Спорт

"Канело" Головкинді жеңген соң алғаш рет ұлды болды

Рассказать Вконтакте

Мексикалық спортшы Сауль Альварестің спорттық мансабында ғана емес, жеке өмірінде де үлкен жаңалық болып, БАҚ беттерінен түспей жүр. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Канело" әлі өзі ресми түрде мәлімдемегенімен, кезекті рет әке атанды.

"Назарларыңызда "Канелоның" тұңғыш ұлының алғашқы суреті. Нельда Сепульведамен қарым-қатынасынан пайда болған кішкентай Сауль Адьель", - деп жазған Despierta America Instagram парақшасында.

Еске салсақ, желтоқсан айында боксшының Мария Фернанда Альварес Гомес атты қызы дүниеге келген болатын.

Сондай-ақ, спортшының Валерии Киростан туған Эмилия Синнамон Альварес және Марисоль Гонсалестен Миа Энер деген кішкентай ханшайымдары бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel