RU
Лана өзін балағаттаған ер адамды соғып тастаған күйеуін жақтап шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Лана өзін балағаттаған ер адамды соғып тастаған күйеуін жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық скрипкашы Лана Мәскеудегі ойын-сауық алаңында орын алған жағдай жөнінде пікір білдірді. Отандық жұлдыздың айтуынша, ол Ресей астанасында мұндай дөрекілікті алғаш рет көрген деп жазады Comode сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: comode.kz

Фото: comode.kz

Отбасымен бірге Мәскеуде ұзақ уақыт бойы тұрып жатқан танымал скрипкашы жағымсыз оқиғаға тап болған.

Ойын алаңында белгісіз ер адам Лананың ұлына ойыншықты сындырып алғаны үшін ескерту жасапты.

Орын алған келіспеушілікте әйел адам азаматпен ортақ шешімге келе алмай, жанжалдасып қалған. Ер адам Лананы баласының көзінше сынға алып, оны аяусыз сөгіп тастаған көрінеді.

Әйелін ренжіткен тұрғынды орнына қоймақ болған скрипкашының күйеуі оған жұдырығын жаудырады.

Куәгерлер оқиғаның төбелеске жеткен сәтін ғана видеоға түсіріп желіге таратып жіберген.

Нәтижесінде бейнежазба қызу талқыға түсіп, көпшілік Лананың отбасын сынның астына қалдырған болатын.

Бұл жөнінде Лананың өзі мәлімдеме жасап, оқиғаның мән-жайымен бөлісті.

"Мәскеуде мұндайды бірінші рет көргенім. Мен оқиға куәгерлеріне қатты таңғалдым. Олар барлық орын алған жағдайды емес, дәл Костяның төбелесе кеткен сәтін ғана түсіріп желіге таратып жіберген. Менің ұлтымды балағаттаған адамдарға сөзім де жоқ. Бұл масқара жағдай" , - деп айтты ол.

Бұрындары ешқандай шулы оқиғаларда бой көрсетпген отбасы халық тарапынан жаудырылған жағымсыз пікірлер орынсыз екенін алға тартты.

"Жолдасым алдымен мәселені сөзбен шешпек болды. Бірақ ер адам сөз ұқпай, бізді балағаттауын жалғасытра берді" , - деп қайырды скрипкашы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel